Болгария чемпионы Пиерос Сотириуге ұсыныс жасады

26.01.2021, 04:20
Футболшының «Астанамен» жарамды келісімшарты бар.
Болгария чемпионы Пиерос Сотириуге ұсыныс жасады

"Лудогорец" футбол клубы "Астанаға" Кипр ұлттық құрамасының шабуылшысы Пиерос Сотириуды сатып алу туралы ресми ұсыныс тастады, деп хабарлайды Sportal.bg.

Болгария чемпионы қысқы трансферлік кезеңде шабуыл шебін күшейтуді жоспарлап отыр және қазақстандық команданың шабуылшысын бұл жоспар үшін ең жақсы нұсқа деп санайды.

Сотириу "Астана" үшін өткен маусымда 11 кездесуге қатысып, алты гол соқты, ал елордалық команда үшінші орынға ие болды.

Естеріңізге сала кетейік, бір жыл бұрын "Астана" клубы кипрлік шабуылшыны 1,5 миллион еуроға сатып алған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×