«Шахтер» қақпашысы командадан кетті

26.01.2021, 04:09
Қақпашы өткен маусымда жеті кездесуге қатысты.
«Шахтер» қақпашысы командадан кетті

Қарағандылық "Шахтердің" қақпашысы Егор Цуприков командадан кетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

23 жастағы қақпашыда мансабын жалғастырудың бірнеше нұсқасы бар, соның ішінде Ресей клубтары Цуприковқа қызығушылық танытуда. Шетелге кету нұсқасы - "Шахтерден" кетудің негізгі себептерінің бірі.

Өткен маусымда Цуприков өз командасы үшін жеті матч өткізіп, алты гол жіберіп алды. Жас қақпашы "Шахтерге" маусым соңында еурокубокке жолдама алуға көмектесті.

Бұған дейін Цуприков бірнеше жыл бойы "Шахтердің" жастар құрамасында, сондай-ақ Теміртаудың "Шахтер-Булат" командасында өнер көрсетті. Және Қазақстанның жастар құрамасына шақыртылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×