Тигран Барсегян «Астанадан» кетуге жақын

25.01.2021 22:43 ҚПЛ

Футболшы мансабын Ресейде жалғастыруы мүмкін.

Тигран Барсегян «Астанадан» кетуге жақын

"Астананың" жартылай қорғаушысы Тигран Барсегян мансабын басқа командада жалғастырғысы келеді, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Барсегянның агенті футболшыны еуропалық және ресейлік клубтарға ұсынып көрді. Шешуші факторлардың бірі ретінде елордалық команданың бюджетінің қысқартылуы болды.

Тигран Барсегян өткен маусымда "Астана" сапында 19 матч өткізіп, үш гол соғып, бес нәтижелі пас берді.

Бұған дейін Дмитрий Шомко, Алексей Щеткин, Юрий Логвиненко және Иван Маевский ресейлік "Ротор" клубына ауысқан болатын. Команда қақпашысы Ненад Эричке бапкерлік қызмет ұсынылды.

0 пікір