Мартинес – үздік бапкер, Елавич – үздік ойыншы

05.05.2012, 08:14
Мартинес – үздік бапкер, Елавич – үздік ойыншы
Ағылшын премьер-лигасының сәуір айындағы ойындары тартысқа толы болды десек қателеспейміз. Өйткені бұл айдағы матчтар, нағыз ағылшындық футболдың стильін көрсеткендей. Көш бастап келе жатқан «МЮ» өз орнын «Манчетер ситиға» босатып берді. Әлі де екі ұжым арасындағы чемпиондық атаққа талас жалғасын табатын болады. Алда әлі екі тур бар. Кеше ағылшын премьер-лигасының сәуір айындағы үздік бапкері мен үздік ойыншысы да анықталды. Сәуір айының үздік бапкері болып «Уиган Атлетик» командасының жаттықтырушысы Роберто Мартинес болса, сәуір айының үздік ойыншысы болып «Эвертон» шабуылшысы Никица Елавич танылды. Р.Мартинес жаттықтыратын «Уиган Атлетик» сәуір айындағы 5 матчының 3-де жеңіске жеткен екен. Олар «МЮ» (1:0), «Арсенал» (2:1), «Ньюкасл Юнайтед» (4:0) командаларын қапыда қалдырған екен. Мұндай Еуропадағы азулы командаларды жеңген команда ойынын ерлік деп қарауға болады. «Эвертон» шабуылшысы Никица Елавичке келетін болсақ, ол осы айдағы үш ойында дубль авторы атанған екен. Әсіресе, «МЮ»-ге қарсы ойынын ерекше атап өтуге болады.

Өмірбек  САНСЫЗБАЙ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×