Массимилиано Аллегри “АС Миланның” жаңа бас бапкері болып тағайындалды

30.05.2025, 17:00

"АС Милан" клубы Сержиу Консейсаудың орнына Массимилиано Аллегридің  бас бапкер ретінде қайта оралғанын ресми түрде жариялады. 

Массимилиано Аллегри “АС Миланның” жаңа бас бапкері болып тағайындалды

Аллегри мен клуб арасындағы келісімшарт екі жыл мерзімге жасалып, үшінші жылға ұзарту мүмкіндігі қарастырылған. Келісімшарт бойынша Аллегри жылына 5 миллион еуро жалақы алады.

Массимилиано Аллегри бұған дейін 2010–2014 жылдары “АС Миланды" жаттықтырып, 2010–2011 маусымында клубты Серия А чемпионы атандырған.

Португалиялық маман Сержиу Консейсау 2024 жылдың желтоқсанында "Миланның" бас бапкері болып тағайындалғанымен, клубтың Серия А-дағы нәтижелері көңіл көншітпеді. Клуб маусымды сегізінші орынмен аяқтап, Еурокубоктарға жолдама ала алмады.

Аллегридің оралуы клубтың жаңа спорт директоры Игли Таренің бастамасымен жүзеге асты. 

Аллегри өзінің бапкерлік мансабында "Ювентус" клубымен бірге бес рет Серия А чемпионы атанып, екі рет Чемпиондар лигасының финалына шыққан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×