Матч кезінде алаңға жүгіріп шыққан италиялық белсендіге мундиаль уақытысында стадионға кіруге тыйым салынды

29.11.2022 21:16 Әлем футболы

Матч кезінде алаңға жүгіріп шыққан италиялық белсендіге мундиаль уақытысында стадионға кіруге тыйым салынды


Португалия мен Уругвай арасындағы ойынның шырқын бұзып, алаңға ЛГБТ туымен шерулеп жүгірген Марио Ферри ӘЧ алдағы кездесулеріне кіре алмайды. Катар тарапы бұл азаматқа осындай жаза қолданыпты.


"Ол алаңнан қуылғаннан кейін босатылды. Оның елінің елшілігіне барлық жайт түсіндірілді. Азамат енді қалған ойындардан құр қалмақ", - деп жазады Роб Харрис Sky Sports журналисті.


Бар назарды өзіне аудартқан Ферридің жейдесінде "Украинаны құтқарыңдар" және "Ирандық әйелдерге құрмет көрсетіңдер" деген жазулар жазылған болатын.

0 пікір