Ригобер Сонг пен Онананың не үшін жанжалдасқаны белгілі болды

Ригобер Сонг пен Онананың не үшін жанжалдасқаны белгілі болды


Андре Онана соңғы жағдайларға байланысты Камерун ұлттық құрамасынан кетіп қалды.


Бапкер Сонг Онананың қауіпті ойынына алаңдаушылық білдірген екен. Өз айып алаңында допты көп ұстайтын Андре осылайша ескерту алды. Бірақ, камерундық айтқан ескертуді құлағына да елемеді.


Ал Камерун футбол Федерациясының Президенті Самуэль Это' О екі тарапты татуластыруға тырыстық дейді. Алайда, қырсық Андре өз дегенінде тұрып, еліне қайтып кетіпті.




0 пікір