Мауро Икарди: «Футбол маған қызық емес»

09.02.2015, 23:59
Мауро Икарди: «Футбол маған қызық емес»
Миландық «Интердің» үздік сұрмергені Мауро Икардидің айтуынша, ол бос уақытында футбол матчтарын көрмейді және А сериясында не болып жатқанын білмейді екен. «Футбол – маған ләззат сыйлайтын спорт. Алайда мен тек футбол ойнаймын, осы ғана. Мен теледидардан футбол матчтарын ешқашан көрмеймін, тіпті, спорт әлемінде не болып жатқанынан да хабарсызбын. А сериясындағы нәтижелерді бақылап отырмаймын. Италия кубогының жартылай финалына кімнің шыққанын да білмеймін. «Челсидің» қақпашысы кім дейсіз бе? Оны білемін, ақымақ емеспін ғой. Мен бала кезімнен сондай едім. «Барселонаның» академиясында оқып жатқанымда «Камп Ноуға» жақын тұрдым. Бірақ ол кезде уақытымды фильм көрумен өткізетінмін. Жалпы футболға қызықпайтын кәсіпқой ойыншылар көп қой», - деді Икарди. Естеріңізге сала кетсек, Икарди биылғы маусымда «Интер» сапында 29 матч өткізіп, 16 гол соқты.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×