
Француздық шабуылшы Усман Дембеле 2024/25 жылы керемет маусым өткізіп, Еуропаның үздік бес лигасындағы барлық ойыншылардан асып түсті. Ол ресми матчтарда 33 гол соғып, 15 нәтижелі пас беріп, жалпы 48 голға тікелей қатысты.
Дембеленің биылғы маусымдағы статистикасы:
– Барлық жарыстарда: 49 ойын, 33 гол, 15 ассист
– Франция чемпионатында: 21 гол, 6 ассист
– Чемпиондар лигасында: 8 гол, 4 ассист
– Кубоктар мен басқа жарыстарда: 4 гол, 5 ассист
Жетістіктері:
– Франция чемпионатының жеңімпазы
– Франция кубогының иегері
– УЕФА Чемпиондар лигасының жеңімпазы
Жеке марапаттар:
– Ligue 1 маусымының үздік ойыншысы
– УЕФА Чемпиондар лигасының маусым ойыншысы
Осылайша Усман Дембеле 2025 жылы өзінің мансабындағы ең үздік маусымын өткізіп, “ПСЖ”-нің тарихи жеңістеріне үлкен үлес қосты.
Біздің серіктес: FONBET