Маусымның үздік бапкері анықталды

18.11.2021, 22:39
«Тобылдың бас бапкері Леонид Остроушко атындағы жүлденің иегері атанды
Маусымның үздік бапкері анықталды

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы маусымды қорытындылауды жалғастыруда. 2021 жылғы маусымның үздік бапкерін анықтау мақсатында лигамен OLIMPBET-Қазақстан Чемпионатында ойнаған клуб басшылары, бас бапкерлері және команда капитандары арасында сауалнама ұйымдастырды. 

Ағымдағы маусымнан бастап ҚКФЛ отандық футболдың ардагері Леонид Остроушко атындағы сыйлықты маусымның қорытындысы бойынша үздік бапкерге беруді ұсынды. 

Бұл сыйлықтың алғашқы лауреаты болып «Тобыл» командасының бас бапкері Александр Москаленко атанды. 

Александр Васильевич маусымды қостанайлық команданың бас бапкерінің көмекшісі ретінде бастады, ал еурокубоктік ойындардан бастап бас бапкердің міндетін атқарушы болып жұмыс істеді. Алайда Москаленко чемпионаттың алтын жүлдесін қостанайлық команданың бас бапкері ретінде жеңді. Сонымен қатар қазақстандық маман «Тобылмен» OLIMPBET-Қазақстан Суперкубогін жеңіп, OLIMPBET-Қазақстан Кубогінің жартылай финалына шықты. Бұдан бөлек, Александр Васильевичтің басқаруымен «Тобыл» УЕФА Конференциялар лигасы аясында Хорватияның ең мықты клубтарының бірі «Хайдуктан» басым түсті. 

Сауалнамада екінші орынды тағы бір қазақстандық жас маман Андрей Карпович иеленді. Андрей Владимирович «Қызыл-Жар СК» бас бапкерінің қызметінде өзінің жақсы қасиеттерін көрсете алды, бұл маманның көмегімен петропавлдық команда чемпионатты 4-орында аяқтады. Қазақстан Кубогінде аталмыш команда ¼ финалға дейін жетіп, бұл кезеңде «Тобылға» есе жіберді. 

Үздің үштікті Срджан Благоевич түйіндеді. Сербиялық маман екінші маусым қатарынан «Каспий» ФК сапында қызмет етіп келеді. Ұзақ үзілістен кейін қазақ футболының элитасына қайта оралған ақтаулықтар көшбасшы командалардан ұпай алды. Бұдан бөлек, «Каспий» «Қайрат», «Тұран» және «Жетісудан» тұратын өте күрделі топта бірінші орын алып, кубоктік ойындарды да сәтті өткізді. Кубоктің ¼ финалында елордалық «Астанамен» болған ойынның қосымша уақытта ғана жартылай финалға өту мүмкіндігінен айырыл қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×