Мбаппе ПСЖ-мен келісімшартын ұзартуы мүмкін

14.11.2020, 21:01
Мбаппенің қазіргі келісімінің аяқталуына екі жыл бар.
Мбаппе ПСЖ-мен келісімшартын ұзартуы мүмкін

"Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Килиан Мбаппе клубпен жаңа келісімшартқа отыруы мүмкін, бірақ белгілі бір талаптар орындалса ғана, деп хабарлайды AS.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, француз шабуылшысы өтемақы сомасының жаңа келісімде көрсетілгенін қалайды. Егер келісімшартта осындай тармақ пайда болса, онда өтемақы мөлшері 222 миллион еуроға жуықтайды. Мбаппе бұған дейін Париждік клубтың үш ұсынысын қабылдамаған еді және осы жазда басқа командаға ауысу мүмкіндігін қарастырып көрді.

Мбаппе ПСЖ-ға 2017 жылдың жазында "Монакодан" ауысып келді. Алдымен ойыншы париждік клубқа жалдау шарты бойынша қосылды, бірақ келісім шартта міндетті төлем болды. Мбаппенің ПСЖ-мен қазіргі келісімі 2022 жылдың жазына дейін есептелген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×