Мейрамбек Қалмырза «Оқжетпес» клубына жалға беріледі

05.07.2025, 20:22

«Тобыл» клубының жартылай қорғаушысы көкшетаулық ұжымға жалға беріледі, деп хабарлайды Aladop.kz 

Мейрамбек Қалмырза «Оқжетпес» клубына жалға беріледі

22 жастағы жартылай қорғаушы 2025 жылы ғана «Жетісуден» қостанайлық клубтың сапына ауысқан болатын. Ол жарты жылда Қазақстан чемпионатында небәрі 3 матчта ғана алаңға шыққан.  Енді жазғы трансфер кезеңінде «Оқжетпес» клубы оның көмегіне сүйенуге ниет артып отыр. Көкшетаулық команданың жаңа бас бапкері Қайрат Нұрдәулетов үшін бұл футболшы өте жақсы таныс. Өйткені дәл осы бапкердің тұсында Мейрамбек Қалмырза 2024 жылы «Жетісу» сапында доп теуіп, тіпті ұлттық құрама сапына шақырту алған болатын.

Жаңа футболшы Қайрат Нұрдәулетовтің сенімін ақтай ма екен?

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×