«Қызылжар» 9 ойыншымен қалған «Ордабасыны» жеңе алмады

05.07.2025, 20:10

Петропавлда Қазақстан Премьер-Лигасының 15-тур аясында өткен матчта жергілікті «Қызылжар» шымкенттік «Ордабасыны» қабылдады.

«Қызылжар» 9 ойыншымен қалған «Ордабасыны» жеңе алмады

Кездесу тартысты басталғанымен, алғашқы минуттардан-ақ бастаманы қонақтар өз қолына алған. Алайда нақты гол соғатын сәттер көп бола қойған жоқ.

Бірінші таймда шымкенттік команда едәуір қиындыққа тап болды. Алдымен 19-минутта Шериф Жимо, артынша 42-минутта Дарио Чанаджия алаңнан қуылып, команда екі бірдей футболшысынан айырылды.

Екінші таймда қос команда да бар күшін салып ойнағанымен, есеп ашылмады. Матч 0:0 есебімен тең аяқталды.

Бұл нәтижеден кейін «Ордабасы» 20 ұпаймен, ал «Қызылжар» 16 ұпаймен турнирлік кестенің орта шенінде орналасып отыр.


Қызылжар — Ордабасы 0:0
Қызыл қағаздар: Шериф Жимо (19-мин), Дарио Чанаджия (42-мин)

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×