
Астанада өткен Қазақстан Премьер-Лигасының 15-тур матчында «Жеңіс» өз алаңында жезқазғандық «Ұлытауды» қабылдады.
Ойынның алғашқы бөлігінде алаң иелері бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырғанымен, есеп ашыла қойған жоқ. Ал тайм соңында қонақтар сапынан Сергей Кейлер алаңнан қуылды.
Сан басымдығын сезінген астаналықтар екінші таймда басымдықты толықтай өз қолына алды. Қауіпті сәттер жиілей түсті. 77-минутта жезқазғандық клуб капитаны Демият Сламбеков допты кездейсоқ өз қақпасына соғып алды.
Кездесу соңына қарай Руй Баталья бос қалған қақпаны дәл көздеп, матчтың нүктесін қойды — 2:0.
«Жеңіс» — «Ұлытау» 2:0 (0:0)
Голдар: Сламбеков автогол 77 (1:0), Баталья 90+4 (2:0)
Алаңнан қуылды: Кейлер 45+2.
Біздің серіктес: FONBET