«Манчестер Юнайтед» шабуылшы Мейсон Гринвудқа тағылған айыптарға қатысты мәлімдеме жасады. Бұған дейін футболшының қызы Гарриет Робсон соққының іздерін көрсетіп, Гринвудты зорлық-зомбылық жасады деп айыптаған болатын.
«Мейсон Гринвуд жаттығудан және матчтардан белгісіз мерзімге шеттетілді», - делінген хабарламада.
Еске салайық, Гринвуд «Манчестер Юнайтедтің» негізгі командасында 2018 жылдан бері ойнап келеді. 20 жастағы футболшы осы маусымда Премьер-лиганың 18 ойынына қатысып, 5 гол соқты, 1 нәтижелі пас берді. 2020 жылдан бастап Гринвуд Англия құрамасына шақыртылып жүр.
Біздің серіктес: FONBET