МЕКСИКА – КОНКАКАФ КУБОГЫНЫҢ ИЕГЕРІ!

28.06.2011, 13:55
МЕКСИКА – КОНКАКАФ КУБОГЫНЫҢ ИЕГЕРІ!
АҚШ елінде футболдан КОНКАКАФ кубогы жолындағы бәсеке аяқталды. Солтүстік және орталық Америка, Кариб аралдары құрамалары бақ сынайтын сынның биылғы додасында Мексика құрамасы топ жарды. КОНКАКАФ кубогы дәл бір Еуропа чемпионатындай әлем елдерінің көз тіге қарайтын додасы емес. Тіпті бұл сынның деңгейі Азия чемпионаты, Оңтүстік Америка кубогы, Африка кубогы додаларынан төмен. Неге? Себебі бұл біріншілікте әлсіздер көп. Тек көзге ілер АҚШ пен Мексика бар демесеңіз, қалған қатысушылар әлем футболының алпауыттары емес. Кейде америкалықтар мен мексикалықтарға Гондурас пен Панама, Коста Рика күш көрсетіп қойғаны болмаса, Белиз, Канада, Гватемала құрамаларының күші шамалы. Сондықтан АҚШ пен Мексика үшін бұл сынның финалына шығу аса қиындық туғызбайды. Бұл жолы да КОНКАКАФ кубогы өз дәстүрінен жаңылған жоқ. Қарсыластарын жаңғақ құрлы көрмеген қос алпауыт финалда жолы түйісті. Ақтық сында Мексика АҚШ-ты 4:2 есебімен ұтты. АҚШ – Мексика – 2:4 (2:2) Голдар: Брэдли, 8 (1:0). Донован, 23 (2:0). Баррера, 29 (2:1). Гуардадо, 36 (2:2). Баррера, 50 (2:3). Дос Сантос, 76 (2:4) АҚШ: Ховард, Боканегра, Гудсон, Лихай, Черундоло (Борнштейн, 11), Демпси, Джонс, Брэдли, Бедойа (Агудело, 63), Донован, Аду (Клестан, 86). Мексика: Талавера, Маркез (Рейносо, 43), Салсидо (Торрес, 28), Морено, Гуардадо, Торрадо, Кастро, Баррера (Савала, 75), Хуарес, Джованни Дос Сантос, Хавьер Эрнандес. Ескертулер: Донован, 33; Демпси, 87; Джонс, 90+3 – Торрес, 81. Төреші: Жоэль Агилар (Сальвадор). Қола жүлдені жартылай финалда жеңілген Гондурас пен Панама иеленді. КОНКАКАФ кубогын Мексика 9 рет иеленіп отыр. Ал АҚШ – 4, Коста Рика – 3, Канада – 2, Гондурас, Гватемала, Гаити бір-бірден ұтыпты.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×