Мемфис Депай маусым соңына дейін «Лионда» ойнайды

11.11.2020, 19:43
Футболшы келесі жазда еркін агент атанады.
Мемфис Депай маусым соңына дейін «Лионда» ойнайды

"Лион" президенті Жан-Мишель Оляс шабуылшы Мемфис Депайдың қысқы трансферлік терезе кезінде француз клубынан кетуі мүмкін екенін жоққа шығарды.

"Менің ойымша Мемфис "Лионды" біз көргіміз келетін шыңға жеткізе алады. Мен Депайдың "Барселонаға" ауыспайтынын бірінші болып айттым. Клубтан тыс адамдар мені тыңдамады, өйткені жағдайдың басқаша болатынына сенімді болды. Осы маусымда біз алға қойған мақсатымызға жетуіміз керек. "Лион" маусымды нашар бастады, бірақ бізде көп нәрсеге қол жеткізуге мүмкіндік бар, сондықтан Мемфис клубта маусымның соңына дейін қалады", - деді Оляс RMC Sport-қа берген сұхбатында.

Естеріңізге сала кетейік, жазғы трансферлік кезеңде Депай "Барселонаға" ауысуы мүмкін еді, бірақ трансфер сәтсіз аяқталды. Бұл келісім француз шабуылшысы Усман Дембеленің "Манчестер Юнайтедке" ауыса алмағандығынан орын алмады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×