«Бавария» «Боруссия» ойыншысына қызығушылық танытуда

12.11.2020, 00:54
Трансферлік құны 40 миллион еуроны құрайды.
«Бавария» «Боруссия» ойыншысына қызығушылық танытуда

"Боруссия Мёнхенгладбах" клубының жартылай қорғаушысы Денис Закарияға "Бавария" қызығушылық танытуда, деп хабарлайды Sky Germany.

Басылымның хабарлауынша, мюнхендік клуб 23 жастағы швейцариялық футболшының өкілдерімен байланысқа шыққан. Сонымен бірге, Денис қысқы трансферлік терезе кезінде ешқайда ауыспайды, өйткені ол қазір тізесіндегі жарақатынан айығып жатыр.

Закария мансабын Швейцарияда бастады, ол жерде "Серветт" және "Янг Бойз" клубтарында ойнады, ал 2017 жылы "Боруссияға" ауысты. 2016 жылдан бастап ойыншы Швейцария құрамасына шақыртыла бастады. Осы маусымда жартылай қорғаушы ауыр жарақатына байланысты бірде-бір кездесуге қатысқан жоқ.

"Боруссия Мёнхенгладбах" командасы жеті турда 11 ұпай жинады және Германия чемпионатының турнирлік кестесінде жетінші орында тұр. "Бавария" 18 ұпаймен көш басында келе жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×