Роналду «Манчестер Юнайтедке» қайта оралуы мүмкін

12.11.2020, 01:05
«Ювентус» кез-келген клубпен келіссөз жүргізуге дайын.
Роналду «Манчестер Юнайтедке» қайта оралуы мүмкін

«Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду мансабын Англия премьер-лигасында жалғастыруы мүмкін.

FOX журналисі Кристиан Мартин хабарлағандай, «Манчестер Юнайтед» ойыншыны қайтарып алғысы келеді. Клуб қазірдің өзінде Криштианумен байланысқа шыққан, португалиялық футболшы бұл ұсынысты зерделеп жатыр. Сонымен бірге, «Ювентус» ойыншының өзі кеткісі келсе, трансфер туралы келіссөздер жүргізуге дайын.

Роналду 2003-2009 жылдар аралығында «Манчестер Юнайтедтің» намысын қорғады. Ол "қызыл сойқандармен" бірге тоғыз кубок жеңіп алды, үш рет Англия чемпионы және бір Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды. Одан бөлек, Криштиану «Спортинг» пен «Реал Мадридте» өнер көрсетіп, 2018 жылы «Ювентуске» ауысты.

Осы маусымда 35 жастағы шабуылшы А сериясының 4 матчына қатысып, 6 гол соқты (2 - пенальтиден) және 1 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×