«Лион» футбол клубы мен Голландия құрамасының шабуылшысы Мемфис Депай «Барселонамен» жеке келісімшарт туралы келісіп қойды.
Бірақ форвардтың трансфері туралы соңғы шешім әлі шыққан жоқ, өйткені қос тараптың өкілдері келіссөздерді жалғастыруда, деп хабарлады италиялық журналист Фабрицио Романо.
Шабуылшы "Лионмен" 2017 жылы келісімшартқа отырған болатын, ал қазіргі келісім 2020/2021 маусымының соңында аяқталады. Transfermarkt интернет-порталы футболшының трансферлік бағасын 44 миллион еуроға бағалап отыр. Депайға «Барселонадан» басқа «Милан» клубы да қызығып отыр.
2020/2021 маусымда шабуылшы "Лион" үшін өткізген бір матчта хет-трик жасап, сары қағаздың авторы атанды. Ал УЕФА Ұлттар лигасында форвард ұлттық құрама үшін екі толық матч өткізіп, ешқандай тиімді әрекет жасамады.
Біздің серіктес: FONBET