Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орайластырылған жарыстар еліміздің түкпір-түкпірінде жалғасуда. Мәселен бүгін Алматыда мемлекеттік қызметкерлер футбол ұйымдастырды. Дәстүрлі доп додасы биыл Жетісу ауданының 75 жылдық мерейтойына да арналды. Турнирге 8 команда қатысты.
Сайыс барысында әр топ аса белсенділік танытып, өзара бақ сынасты. Нәтижесінде бірінші орынды Ішкі істер департаментінің аудандық бөлімі иеленді. Екінші саты Салық комитетіне бұйырса, үшінші тұғырға Алатау ауданының №156 мектебі табан тіреді. Сайыс соңында қатысушы құрамалар бағалы сыйлықтар және мақтау қағаздарымен марапатталды.
Қазақстан ұлттық телеарнасы