«Бохумның» қазақстандық футболшысы Александр Меркель екінші Бундеслиганың 19-турында «Карлсруэге» қарсы ойында алаңға шыққан жоқ.
Бұл ойын тең есеппен аяқталды – 1:1. Қонақтар сапынан Мугоса гол соққан, «Бохумнан» Вуртц таразы басын теңестіріп тастады.
Меркель қосалқы құрамда болғанымен, алаңға шыққан жоқ.
Айта кетейік, 19 турдан соң «Бохум» 23 ұпай жинап, 12-ші орында келеді.