
Лионель Мессидің 2026 жылғы Әлем чемпионатына қатысуға деген ниеті бар, деп мәлімдеді Луис Суарес.
2022 жылы Катарда Аргентина құрамасын жеңіске жетелеген Месси келесі жылы яғни 2026 жылғы Әлем чемпионаты кезеңінде 39 жаста болады. Аргентина құрамасы АҚШ, Канада және Мексикада өтетін келесі Әлем чемпионатына жолдамасын әлдеқашан жеңіп алып қойған.
Суарестің айтуынша, Месси зейнетке шығу туралы әзірге нақты шешім қабылдамаған, оның мансабын жалғастырып, Әлем чемпионатына қатысуға деген мақсаты басымырақ.
"Ол бұл туралы ашық айтпаса да, зейнет жайында жиі қалжыңдап айтамыз. Бірақ мен оның 2026 жылғы Әлем чемпионатына қатысқысы келетінін білемін", – деді Суарес El Pais басылымына берген сұхбатында.
Айболат Өнер
Біздің серіктес: FONBET