Месси «Барселона» сапындағы алғашқы қызыл қағазға ие болды

18.01.2021, 10:28
Месси 752 матч бойы алаңнан қуылып көрмеген.
Месси «Барселона» сапындағы алғашқы қызыл қағазға ие болды

"Барселона" Испания суперкубогінің финалында "Атлетик Бильбаомен" кездесті. Матч Севильядағы "Олимпико де Севилья" стадионында өтіп, 3:2 (овертаймның қорытындысы бойынша) есебімен "Атлетиктің" пайдасына аяқталды.

Ойынның аяқталуына бір минут қалғанда (120 минут) "Барселонаның" шабуылшысы Лионель Месси алаңнан қуылды. Ол "Атлетик" ойыншысын ұрып құлатты, төреші бейнеқайталау жүйесін көргеннен кейін оған қызыл қағаз көрсетті. Бұл Мессидің "Барселона" сапында алған бірінші қызыл қағазы болды. Marca басылымының хабарлауынша, Месси бұл әрекеті үшін төрт матчқа шеттетілуі мүмкін.


Естеріңізге сала кетейік, Антуан Гризманн бұл кездесуде дубль жасады. Ал "Атлетик" сапынан Оскар де Маркос, Асьер Вильялибре және Иньяки Уильямс көзге түсті. Турнирдің жартылай финалында "Барселона" "Реал Сосьедадты" жеңген еді, "Атлетик" "Реал Мадридтен" айласын асырған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×