Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы ресейлік команданың тізгінін ұстады

18.01.2021, 17:08
Экс-футболшы Қазақстан құрамасында 14 матч өткізген.
Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы ресейлік команданың тізгінін ұстады

39 жастағы Қазақстан ұлттық құрамасының экс-ойыншысы Анатолий Богданов Санкт-Петербургтік "Динамоның" бас бапкері болып тағайындалды.

Богданов Ресейде дүниеге келді, бірақ ойын мансабының көп бөлігін Қазақстанда өткізді. Ол "Оқжетпес", "Тобыл', "Восток", "Шахтер" клубтарында өнер көрсетті. Ал 2005 жылы "Ақтөбе" сапында ел чемпионы атанды.

Барлығы ол Қазақстан Премьер-лигасында 315 матч өткізіп, 17 гол соқты. Қазақстан чемпионатында өткізген матчтар саны бойынша алғашқы 50 ойыншының қатарына қосылды.

2012-2015 жылдар аралығында ол Қазақстан ұлттық құрамасында ойнады, барлығы 14 ойын өткізді.

Санкт-Петербургтің "Динамосы" 1922 жылы құрылды, бірақ 2018 жылдың маусымында клуб таратылып, оның негізінде жас қазақстандық Акмаль Бахтияров ойнайтын "Сочи" командасы құрылды. 2019 жылдың сәуірінде «Динамо» таратылған ЛАЗ әуесқой футбол клубы негізінде қайта құрылды. Осы маусымда команда Санкт-Петербург чемпионатында бақ сынауда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×