Canal+ журналисі Жоффре Гаретье каталондық “Барселонаның” шабуылшысы Лионель Месси “Пари Сен-Жерменге” ауысуы мүмкін дейді.
Canal+ бағдарламасы “Late Football Club” эфирінде журналист: “Менде Месси отбасымен бірге француз тілінен сабақ алып жатыр деген ақпарат бар. “Манчестер Ситиге” ауысу үшін француз тілін үйренудің не қажеті бар? Менің дереккөзім өте сенімді. Сонымен қатар “Барселона” қаржылық дағдарыста сол себепті Мессидің жалақысын төлей алмауы мүмкін. Мессиге таласта фаворит – ПСЖ”,– деп ақпаратымен бөлісті Жоффре.
Аргентиналық 33 жасар шабуылшы ағымдағы маусымда 22 ойынға қатысып, 14 мәрте қарсылас қақпасының саңлауын тапса, алты рет нәтижелі пасымен көзге түскен. Нарықтағы құны 80 миллион еуроны құрайды.
Біздің серіктес: FONBET