Месси футбол тарихындағы ең үлкен сатқындықты жасағалы тұр - Испаниялық журналист

02.09.2020, 15:49
Мессидің де басқа амалы болмай тұрған секілді.
Месси футбол тарихындағы ең үлкен сатқындықты жасағалы тұр - Испаниялық журналист

Испаниялық журналист Эду Агирре аргентиналық шабуылшы Лионель Мессиді "Барселонадан" кеткісі келетіндігі үшін сынға алды.

«Мен үшін Месси футбол тарихындағы ең үлкен сатқындықты жасағалы тұр. Месси "Барселонаны" тастап бара жатыр, батып бара жатқан кемеден қашқан секілді. Оған қазір кетудің қажеті жоқ. "Барселона" жанкүйерлері бұған лайық емес», - деді Агирре.

Естеріңізге сала кетейік, Месси "Барселонамен" бірге маусымға дайындалып жатқан жоқ және клубтан толықтай кетуге ниетті. Клуб басшылығы өз кезегінде Лионель шешімін өзгертіп, серіктестеріне қосылады деп үміттенеді. Келісімшартқа сәйкес, егер ол 11-ден 30 күнге дейін жіберіп алса, оған жалақысының 25% -ы мөлшерінде айыппұл салынады. Мессиді алуға басты үміткер «Манчестер Сити» болып саналады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×