Месси кезекті рет рекорд орнатты

10.01.2021 01:29 Ла Лига

Лео таңқалдырудан жалығар емес.

Месси кезекті рет рекорд орнатты

Испания чемпионатының 18-турында “Барселона” “Гранаданы” қонақта тас талқан (0:4) етті.

Антуан Гризманн (12’, 63’) мен Лионель Месси (35’, 42’) дубль жасап, каталондықтарға үш ұпай алып берді. Месси маусымдағы оныншы және 11-ші голын соғып, Ла лига тарихында 15 маусым қатарынан кемі он гол соққан алғашқы ойыншы атанды. Сонымен қатар сұрмергендер көшінің басына шықты.

Каталондық клуб 18 ойыннан кейін 34 ұпай еншілеп, үшінші орында келеді.

0 пікір