Месси мансабын «Манчестер Ситиде» жалғастыруы мүмкін

04.07.2020, 17:01
Бұл ауысым орын алса, «Ливерпуль» келесі маусымда чемпиондығын қорғап қалуы қиын болайын деп тұр.
Месси мансабын «Манчестер Ситиде» жалғастыруы мүмкін

Аргентиналық шабуылшы Лионель Месси мансабын Англия чемпионатында жалғастыра алады, деп жазады аргентиналық журналист Кристиан Мартин өзінің «твиттерінде».

Дереккөздің хабарлауынша, Месси «Барселонадан» кететін болса, «Манчестер Ситимен» келісімшартқа қол қоюы мүмкін. Бір қызығы, «қалалықтардың» командасында Месси "Барселонада" бірге жұмыс істеген Хосеп Гвардиоламен қайта қосыла алады. Бұған дейін Месси Барселонадан кеткісі келетіні туралы хабарланған болатын.

33 жастағы Месси - "Барселонаның" түлегі. Осы маусымда аргентиналық шабуылшы Испания Чемпионатының 28 матчына қатысты (негізгі құрамда 27), 22 голдың авторы атанды (пенальтиден бес) және 17 голдық пас берді. Ойыншының клубпен келісімшарты 2021 жылдың жазына дейін жарамды. Сондай-ақ, ол Чемпиондар лигасының алты ойынында екі гол және үш нәтижелі паспен көзге түскен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×