Уэсли Снейдер мансабын қайта жалғастыруы мүмкін

04.07.2020, 16:55
Арьен Роббеннен қалам ба дегендей, Снейдер де мансабын қайта жалғастырмақ.
Уэсли Снейдер мансабын қайта жалғастыруы мүмкін

Нидерланды құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Уэсли Снейдер спорттық мансабын қайта бастауы мүмкін, деп хабарлайды AS.

Дереккөздің хабарлауынша, "Утрехт" жартылай қорғаушыға ұсыныс жасаған. Снейдердің өзі футболға оралуды ойластыруда.

Снейдер мансабын 2019 жылдың тамызында аяқтады. Голландиялық жартылай қорғаушы Амстердамдық "Аякс", "Реал Мадрид", "Интер Милан", "Галатасарай" және "Ницца" командаларында ойнаған.

Голландия құрамасы үшін футболшы 134 кездесу өткізіп, 30 гол соқты. Ұлттық құрамамен бірге Снейдер сәйкесінше 2010 және 2014 жылғы әлем чемпионаттарының күміс және қола жүлдегері атанды.

Бұған дейін голландиялық шабуылшы Арьен Роббен "Гронингенмен" келісімшартқа отырып, спорттық мансабын қайта бастайтыны туралы хабарланған болатын

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×