«Наполи» Миликті сатып, орнына Осименді алуы мүмкін

04.07.2020, 03:27
«Наполи» Осименмен бірге «Лилльдің» қорғаушысы Габриэльді сатып алғысы келеді. Ең басты мәселе - клуб екі ойыншы үшін 100 миллион еуро төлей ала ма?
«Наполи» Миликті сатып, орнына Осименді алуы мүмкін

"Наполидің" Польшалық шабуылшысы Аркадиуш Милик «Ювентусқа» ауысуға келісті, деп хабарлайды Calciomercato.

Сонымен бірге «Наполи» басшылығы Миликті Туриндік клубқа сатқысы келмейді. Неаполитандықтар Милик үшін басқа клуб табуға тырысады. «Наполи» шабуылшыға қызығушылық танытқан «Атлетико» және «Тоттенхэм» клубтарымен келіссөз жүргізгісі келеді.

Осы маусымда Милик А сериясында «Наполи» үшін 19 матч өткізіп, 10 гол соқты. «Наполи» 29 матчта 45 ұпай жинап, Италия біріншілігінде 6-орында тұр.

Миликтің «Наполи» клубымен қазіргі келісімшарты 2021 жылға дейін жасалған. Миликке «Атлетико», «Милан», «Аталанта», «Шальке» және басқа да еуропалық клубтар қызығушылық танытқаны туралы бұған дейін хабарланған болатын.

Француздық «Лилльдің» шабуылшысы Виктор Осимен «Наполидің» ойыншысы болуы мүмкін, деп хабарлайды Football Italia сайты Corriere dello Sport басылымына сілтеме жасап.

Дереккөздің хабарлауынша, итальяндық клуб Осименге жылына 2,5 миллион еуро көлемінде жалақы мен үстеме бонус ұсынуға ниетті, соның арқасында оның мөлшері 3 миллион еуроға жетуі мүмкін.

Бұған дейін «Наполи» шабуылшыны алу үшін 70 миллион еуро төлеуге тура келетіні, сонымен қатар неаполитандықтар «Лилльдің» қорғаушысы Габриэльді де 30 миллион еуроға сатып алуға ниет білдіріп, осылайша екі ойыншы үшін 100 миллион еуро төлеуге тура келіп тұр. Бұқаралық ақпарат құралдарының дерегіне сәйкес «Тоттенхэм», «Ньюкасл» және басқа ағылшын клубтары Осименнің қызметіне қызығушылық танытуда. Нигериялық шабуылшы 1 Лиганың осы маусымында 27 матчта 13 гол соққан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×