Месси мен Рамос арақатынасын реттей алмауда

11.11.2021, 15:11
Екі футболшы қаншама жыл бойы қарсылас ретінде ойнаған.
Месси мен Рамос арақатынасын реттей алмауда

«Пари-Сен-Жермен» клубының ойыншылары Лионель Месси мен Серхио Рамостың қарым-қатынасы нашарлап кетті, деп хабарлайды L'Equipe басылымы.

Рамос париждік команданың көптеген ойыншыларымен тез тіл табысып кеткен, бірақ Мессимен қарым-қатынасын реттей алмады. Рамос 2005 жылдан 2021 жылға дейін «Реал Мадрид» сапында өнер көрсетті, ал Месси 2003 жылдан 2021 жылға дейін «Барселона» командасының намысын қорғады.

Екі футболшы да ПСЖ-ға өткен жазда ауысты. Қос ойыншы да еркін агент ретінде қосылып, екі жылдық келісім-шартқа қол қойды. Месси содан бері 8 матчқа қатысып, үш гол соқты. Ал Рамос жарақатына байланысты ПСЖ сапында әлі күнге дейін дебют жасамады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×