Месси Пеленің рекордын қайталады

23.03.2021, 18:30
Сондай-ақ Месси Роналдуды пенальтисіз соғылған голдар саны бойынша қуып жетті.
Месси Пеленің рекордын қайталады

«Барселонаның» 33 жастағы аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси Испания чемпионатының 28-турында «Реал Сосьедадпен» болған матчта дубль жасап (6:1), тағы бір маңызды жетістікке қол жеткізді. Бұл туралы каталондық клубтың ресми сайты хабарлады.

Мессидің «Реал Сосьедадқа» қарсы ойында соққан екінші голы оның мансабындағы 700-ші голы болды - ол ресми матчтарда 663, ал бейресми мәртебеге ие болған ойындарда тағы 37 гол соқты.

Сондай-ақ шабуылшы Испания чемпионатындағы 467-ші голын соқты, бұл оған аңызға айналған бразилиялық футболшы Пеленің бір чемпионаттағы голдар саны бойынша орнатқан рекордын қайталауға мүмкіндік берді. Осылайша, екі ойыншы да әлемдік лигалардағы сұрмергендер тізімінде көш бастап тұр.

Еуропаның ірі лигаларындағы үздік сұрмергендер тізімінде Джимми Гривз (Англия, 357), Герд Мюллер (Германия, 365), Сильвио Пиола (Италия, 274) және Делио Оннис (Франция, 299) секілді ойыншылар бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×