Мессидің жарақаты ауыр емес пе?

12.08.2020, 05:43
Месси бүгінгі жаттығуда аяғына таңғыш дәке орап алыпты.
Мессидің жарақаты ауыр емес пе?

Sport.es хабарлағандай, таңғыш сақтық шарасы ретінде қолданылған. Месси «Баварияға» қарсы матчта алғашқы минуттан бастап алаңға шығады деп күтілуде.


Естеріңізге сала кетейік, Месси 1/8 финалдың «Наполиге» қарсы жауапты матчында (3:1) Италиялық клубтың қорғаушы Калиду Кулибалидің жасаған соққысының салдарынан жарақат алған болатын.

«Барселона» - «Бавария» матчы 14 тамызда Португалияның Лиссабон қаласындағы «Да Луш» стадионында өтеді.

Осы маусымда 33 жастағы Месси Чемпиондар лигасының жеті ойынына қатысып, үш гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×