Месут Өзіл әр матчтың алдында Құран оқиды екен

12.06.2013, 21:49
Месут Өзіл әр матчтың алдында Құран оқиды екен
Фуболдан Германияның ұлттық құрамасының жұлдызы және мадридтік «Реал» клубының жартылай қорғаушысы Месут Озил әр ойын алаңына шығар алдында дайындықты Құран аяттарын оқудан бастауды әдетке айналдырған. Тегі түрік ол бұл құпиясын Emarat Alyoum газетіне берген сұхбатында айтты. Бұл жайында OnIslam.net хабар таратты. «Мен Алладан сәттілік тілеймін», – деді ол ағынан жарылып. Ол Испания клубындағы толағай жетістігін де намазбен және Құранмен байланыстырады. «Менің бұл әдетімді білетін командалық жолдастарым құлшылық еткен кезімде мені оңаша қалдырады», – деді ол сөзін толықтырып. 24 жастағы футбол ойыншысы қазіргі уақытта Германияның ұлттық құрамасында ойын өрнегін көрсетіп жүр. Ол 2006 жылы жастар құрамасына кірсе, 2009 жылдан бері негізгі құрамада тегеурінді ойыншылардың біріне айналған. 2010 жылы өткен ФИФА-ның әлем чемпионаты кезінде оның жұлдызды сәті туып, бағы жанды. Осы жылы жақсы ойын өрнегін көрсеткені үшін «Алтын допты» қанжығасына байлады. Жуырда мадам Тюссо атындағы мұражайдың Берлиндегі филиалында оның балауыздан жасалған мүсіні қойылды. Бұл жаңалық мұсылман ойыншысының құлағына жеткені-жетпегені беймәлім. Жеткен күнде бұған ислам дінінде тыйым салынғандықтан оған қуана қояр ма екен?.. http://muslim.kz/kk/news/1705-madridtik-real-futbolshysy-ar-matchtyn-aldynda-quran-oqidy-eken.html
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×