Месут Озил мен «Арсенал» келісімшартты бұзу туралы келісімге келді

17.01.2021, 02:50
Футболшы «Фенербахчеге» ауысуы мүмкін.
Месут Озил мен «Арсенал» келісімшартты бұзу туралы келісімге келді

«Арсеналдың» жартылай қорғаушысы Месут Озил клубпен келісімшартты мерзімінен бұрын тоқтату туралы келісімге келді, деп хабарлайды The Athletic. Дереккөз ойыншының «Фенербахчеге» ауысуға жақын екенін атап өтті.

Келісімшарт аяқталғанға дейін жартылай қорғаушы 7,8 миллион еуро табуы керек еді. Футболшы осы қыста клубтан кету үшін жалақысынан бас тартуға дайын. Озилдің «Арсеналмен» келісімшарты маусым айында аяқталады. Неміс футболшысының жалақысы аптасына 395 мың еуроны құрайды.

Озил Лондонның «Арсеналында» 2013 жылдың жазынан бері өнер көрсетеді, бірақ 2020 жылдың наурызынан бері ойнаған жоқ. Месут «Арсеналдың» Премьер-лигадағы құрамына енген жоқ. Соңғы апталарда футболшы негізгі құрамнан бөлек жаттықты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×