Михаил Гурман: «Астана Аренадағы» жөндеу жұмыстары 15 шілдеде аяқталады»

27.06.2020, 20:09
«Астана» футбол клубының бас директоры Михаил Гурман «Астана Аренадағы» жөндеу жұмыстары қашан аяқталатыны және сапасы жайлы айтты.
Михаил Гурман: «Астана Аренадағы» жөндеу жұмыстары 15 шілдеде аяқталады»

- Өкінішке орай, біз «Астана-Аренаға» байланысты өте қиын жағдайда болдық. Бізге жөндеу жұмыстары мамырда аяқталады деп уәде берді, бірақ коронавирустың таралуы және шекаралардың жабылуы, құрылыс жұмыстарына тыйым салу жағдайына байланысты кейінге қалдырылды. Бірақ біз барлығын бақылап отыруға тырысамыз және өз үйімізге айналған "Астана Аренаға" оралуды асыға күтеміз.

- Ал, қазір оралатын қандайда бір уақытты айта аласыз ба?

- Жақында «Астана Аренаға» қала әкімінің орынбасары басқарған комиссия келді, сол кезде жөндеу жұмыстары 15 шілдеде аяқталады деп айтты. Өкінішке орай, біз бұл процеске ешқандай да әсер ете алмаймыз, өйткені "Астана Арена" әкімдікке тиесілі.

- Көптеген шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары «Астана-Аренаның» алдыңғы алаңы сапасы жағынан нашар болды және бұл үй матчтарында «Астана» үшін бонус болды деп жазады?

- Мен бұған келіспеймін, негізінен «Астана Аренадан» ұпай ала алмағандар осылай дейді. Мен "Манчестер Юнайтедті" мысалға келтіремін, біз былтыр Еуропа лигасында ойнадық, олар стадион мен алаңның сапасына оң баға берді, менің білуімше, былтыр Қазақстан құрамасымен ойнаған Ресей құрамасы да алаң сапасына ешқандай наразылық білдірген жоқ. Мен жеке өзім ол кезде Астанада жұмыс істемеген болсам да, бірақ бәріміздің Чемпиондар Лигасындағы 2015 жылғы ойындарымызды қадағаладық, маған «Атлетико Мадридтің» бас бапкерінің "кәсіби футболшы тас жолда болса да өз өнерін көрсетуі керек" деген сөздері қатты ұнады. Мүмкін мен оның сөздерін тура айтпаған болармын, бірақ мағынасы жағынан өте ұқсас.

- Одан кейін, «Астананың» өз үйінде, тіпті еуропалық командалардан да ешқашан жеңілмейтінінің сыры неде?

- Менің ойымша, сәттіліктің екі құрамдас бөлігі бар - осындай стадионының жағдайында жоғары деңгейдегі футбол көрсете алатын ойыншылардың деңгейі, және, әрине, Еуропа жарыстарында жым-жырт ахуал туғызатын жанкүйерлеріміздің қолдауы.

- Сіз жанкүйерлер туралы өзіңіз айтқандықтан, «Астананың» осы маусымдағы пандемияға байланысты жанкүйерлерден айырылып қалу мүмкіндігі бар. Бұл клуб үшін мәселе емес пе?

- Әрине, егер команда қолдаусыз қалатын болса, біз өте қатты өкінеміз, бірақ бұл адамдардың денсаулығына зиян келтірмеу үшін жасалып жатқанын түсінуіміз керек. Біз өз жанкүйерлерімізді қатты сағынамыз, бірақ ерте ме, кеш пе, жағдай қалпына келеді, жанкүйерлермен бірге футбол стадионға оралады деп сенемін.

- Ал, соңғы сұрақ. Егер Қазақстан чемпионаты шілде айында қайта жалғасатын болса, «Астана Арена» пайдалануға берілмейінше «Астана» үйдегі матчтарын қайда өткізеді?

- Біз бірнеше нұсқаны қарастырып жатырмыз, бұл бізге жақын Көкшетау және бізге таныс «Жас Қыран» стадионы. Бірақ басым бағыт - ұлттық құраманың Талғардағы базасы. Біріншіден, өте жақсы сапалы табиғи газон бар, ол командаға футбол ойнауды білетіндерін көрсетуге мүмкіндік береді. Екіншіден, базаның орналасуы команданың сыртқы әлеммен байланысын азайтады, бұл қазіргі жағдайда аурудың таралуын болдырмайтын фактор болып табылады. Бірақ түпкілікті шешім әлі қабылданған жоқ, менің ойымша, алдағы күндері біз оны жариялаймыз, бірақ қазір бастысы - чемпионатты бастау, футбол шілде айында оралады деп сенемін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×