Роналдиньо мансабын қайта бастауы мүмкін

27.06.2020, 21:24
«Аңыздың қайта оралуы» деген осы болар.
Роналдиньо мансабын қайта бастауы мүмкін

«Милан» мен «Барселонаның» бұрынғы футболшысы Роналдиньо мансабын қайта бастауы мүмкін, деп хабарлайды Marca.

40 жастағы жартылай қорғаушы Диего Марадона жаттықтыратын аргентиналық «Химнасия мен Эсгрима» командасына баруы мүмкін. Маман Роналдиньоны өз командасына шақырғысы келеді. Роналдиньомен әлі ресми келіссөздер жүргізілген жоқ, өйткені экс-футболшы парагвайлық Асунсьонда үй қамауында отыр.

2016 жылы Роналдиньо "Химнасиямен" келісімшартқа отыруға жақын болды, бірақ келісім сәтсіз аяқталды. Роналдиньо ойын мансабын 2018 жылы 16 қаңтарда ресми түрде аяқтаған болатын. Бразилиялықтың соңғы клубы "Флуминенсе" болды.

Еске салайық, Роналдиньо мен оның ағасы Асунсьон әуежайында жалған төлқұжаттар көрсеткені үшін қамауға алынды. 9 сәуірде Роналдиньо мен оның ағасы Роберто де Ассис Моррейре Парагвайлық түрмеден 1,6 миллион доллар кепілдікпен босатылды, ағайындылар қазір Асунсьон орталығындағы Палмарога қонақ үйінде үй қамауында отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×