«Рубин» спорт директоры: Вагнер Лав ТОП шабуылшы, «Рубин» оны алғысы келмеді

27.06.2020, 23:16
«Рубин» спорт директоры Олег Яровинский Вагнер Лавтың трансфері жайлы түсіндіріп өтті.
«Рубин» спорт директоры: Вагнер Лав ТОП шабуылшы, «Рубин» оны алғысы келмеді

"Вагнер Лав топ шабуылшы. Ол Ресейде "Зениттен" басқа кез-келген клубты күшейте алады. Ал оның "Рубинге" ауысуы жайлы жаңалық таза фейк. Біз шетелдік бір шабуылшы алуымыз керек, бірақ оның жасы кіші болуы тиіс. Іздеп отырғанымыз болашағы зор жас шабуылшы. Ал Вагнер қазір 36да. Ал бізге 20 жасар шабуылшы қажет. Дегенімен, Вагнер алдағы бірнеше жыл бойы командаға қатты көмектесер еді, бірақ сол 2-3 жылдан кейін не істейміз?" - дейді Яровинский "Бизнесс онлайнға" берген сұқбатында.

"Россия Тудей" сайтының журналисі Фабио Алйшо ""Рубин" Вагнер Лавты сатып алғысы келеді" деп ақпарат таратты. Трансферге Слуцкидің өзі қызықты деген жерлері де бар еді. Нәтижесінде Вагнер алматылық "Қайратқа" ауысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×