Беларуссия құрамасының бас бапкері Михаил Мархель УЕФА Ұлттар лигасының Қазақстанға қарсы ойыны (2:0) туралы пікір білдірді.
- Статистикаға сәйкес, біз екі таймда екі түрлі ойнадық. Біріншісінде біздің команда ойынды бақылауды ұстағанымен, екінші таймда Қазақстанға беріп қойды.
Осы есепті сақтап қалу жоспарда болды ма?
- Үзіліс кезінде мұндай жоспар болған жоқ. Қазақстан құрамасында жоғалтатын ештеңе болмады. Біз үшін нәтиже бәрінен маңызды болды.
- Қарсыласты жеңудің басты себебі неде?
- Бірінші кезекте барынша беріліп ойнадық. Жігіттер біздің айтқанымызды орындады. Бұл соңғы аптада өткізген үшінші ойын, психологиялық тұрғыдан қатты әсер етті. Бізге алға ұмтылу үшін бұл матчты жеңу маңызды болды.
- Жанкүйерлердің оралуы ойынға қандай да бір әсер етті ме?
- Әсер етті деп ойлаймын. Біз жанкүйерлер келеді деп үміттендік - және соған сай біз оларды қуантуға тиіс болдық.
- Бірінші таймда Сачивко мәжбүрлі түрде ауыстырылды. Оның жағдайы қалай?
- Шынымды айтсам, матч басталмай жатып-ақ оны ауыстыру туралы ойладық. Ол өзін нашар сезінді. Бізде мәжбүрлі түрде ауысымдар болды, нәтижесінде осындай жағдайға тап болдық. Ойыншы алмастыру үшін ойында тек үш үзіліс беріледі. Сондықтан екінші таймда біз бірден үш футболшыны алмастырдық. Бізге тәуекелге бару керек болды. Бірақ біз дұрыс жасадық деп ойлаймын.
Біздің серіктес: FONBET