Михал Билек: «Гол соғатын бірнеше мүмкіндігіміз болды»

12.11.2020, 14:52
Матч 0:0 есебімен аяқталды.
Михал Билек: «Гол соғатын бірнеше мүмкіндігіміз болды»

Қазақстан құрамасының бас бапкері Михал Билек ойыннан кейінгі баспасөз мәслихатында Черногориямен өткен жолдастық кездесудің нәтижесі туралы пікір білдірді:

- Біз өте жақсы матч өткіздік деп ойлаймын. Тәртіпті, ұйымшыл әрі сапалы ойнадық. Біздің гол соғатын бірнеше мүмкіндігіміз болды. Бірінші тайм өте жақсы өтті. Біздің ойыншылар көп прессинг жасап, допты жиі тартып алып, жылдам шабуылдар жасады. Екінші таймда қарсылас қысым жасай бастады. Бірақ, менің ойыншыларым табандылық танытты. Төрт күннен кейін бізді Албания құрамасымен маңызды матч күтіп тұр. Содан кейін Литвамен үйде ойнаймыз. Сондықтан, бүгін кейбір футболшылар ойнаған жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×