Қазақстан Черногориямен тең түсті

12.11.2020, 05:59
Матчта бір гол соғылған еді, төреші есепке алмады.
Қазақстан Черногориямен тең түсті

Қазақстан ұлттық құрамасы Черногориямен өткен жолдастық кездесуде тең ойнады. Кездесу Подгорицада өтіп, 0:0 есебімен аяқталды.

Ойынның 15-минутында қазақстандық шабуылшы Сергей Хижниченко гол соқты. Бірақ ол офсайдта болғанына байланысты есепке алынбады. Ұлттық құраманың қақпасын Дмитрий Непогодов қорғады.

Еске салайық, команданың орналасқан жеріне бірқатар негізгі ойыншылар келмеген болатын, оның ішінде допинг сынамасынан өте алмаған Бауыржан Исламхан мен басынан жарақат алған Бахтиер Зайнутдинов бар.

Михал Билек шәкірттері алдағы уақытта Ұлттар Лигасы тобындағы соңғы екі матчты өткізеді. 15 қарашада сырт алаңда Албаниямен, ал 18 қарашада Алматыда Литвамен ойнайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×