«Милан» Собослаи үшін 25 миллион еуро төлеуге дайын

12.11.2020, 03:22
Жас талантқа Еуропаның белді клубтары қызығушылық танытуда.
«Милан» Собослаи үшін 25 миллион еуро төлеуге дайын

"Милан" клубы "Ред Булл Зальцбургтің" жартылай қорғаушысы Доминик Собослайды сатып алмақшы, деп хабарлайды Football Italia La Gazzetta dello Sport басылымына сілтеме жасап.

Италиялық клуб ойыншының келісімшартындағы сатып алу нұсқасын пайдаланып, австриялық командаға 25 миллион еуро төлеуге дайын. "Милан" бұл келісімді 2021 жылдың жазында аяқтаймыз деп жоспарлауда.

Бұған дейін "Арсеналдың" Собослаймен келіссөздер жүргізіп жатқандығы туралы хабарланған еді. Лондондық клуб венгриялық футболшыны қыста сатып алмақшы. "Арсенал" Собослайға 2025 жылға дейін есептелген келісімшарт ұсынбақшы. "Зальцбург" ойыншыны қаңтарда сатуы мүмкін.

Собослай "Зальцбургке" 2018 жылдың қысында австриялық "Лиферингтен" ауысып келді. Футболшының клубпен қазіргі келісімі 2022 жылдың 31 мамырына дейін жасалған.

Осы маусымда жартылай қорғаушы барлық турнирлерде 12 матчқа қатысып, 5 гол соқты, 8 нәтижелі пас берді. Бұған дейін, "Пари Сен-Жерменнің" де Собослайға қызығушылық танытып отырғаны туралы хабарланған болатын. Transfermarkt порталы 20 жастағы футболшының құнын 25 миллион еуроға бағалады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×