«Милан» клубы «Интердің» 70 жыл бұрынғы жетістігін қайталады

10.01.2021, 19:01
Пиоли шәкірттері А сериясында көш бастап келеді.
«Милан» клубы «Интердің» 70 жыл бұрынғы жетістігін қайталады

Италия чемпионатының 17-турында "Милан" "Сан-Сирода" "Ториноны" 2:0 есебімен жеңді. "Милан" осы маусымның бірінші айналымында өткен 16 ойында кемі екі голдан соқты. Осылайша, клуб "Интердің" рекордын қайталады (1949/1950 және 1950/1951 жылғы маусымда), деп хабарлайды Opta.

"Милан" 17 матчта 12-ші жеңісіне қол жеткізді және 40 ұпаймен А сериясының турнирлік кестесінде бірінші орында тұр. "Интерде" 36 ұпай және қоржынында артық бір ойын бар. "Торино" 12 ұпаймен 19-орынға түсіп қалды.

"Ториноға" қарсы матчтың 75-минутында жарақатына байланысты 22 қарашадан бері алаңға шықпаған шабуылшы Златан Ибрагимович бой көрсетті. Матчтан кейін "Миланның" бас бапкері Стефано Пиоли ойын нәтижесіне таң қалмағанын айтты.

"Шынымды айтсам, бұл нәтиже мені мүлде таң қалдырмады. Мен бұл жігіттерді білемін және "Ювентуспен" болған ойыннан кейін осылай жауап береді деп күткен едім. Бірінші тайм өте жақсы өтті, ал екінші таймда біз "Ториноның" қысымына ұшырадық", - деді Пиоли.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×