«Қызыл-Жар» клубының осы маусымға арналған қаражат көлемі белгілі болды

10.01.2021, 19:16
Былтырғымен салыстырғанда едәуір көбейген екен.
«Қызыл-Жар» клубының осы маусымға арналған қаражат көлемі белгілі болды

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, "Қызыл-Жар СК" клубының 2021 жылға жоспарланған бюджеті 1 миллиард 350 миллион теңгені құрайды. Оның 1 миллиарды негізгі командаға, ал 350 миллионы Екінші лига командасы мен футбол орталығына бөлінді.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары петропавлдық клубтың жылдық бюджеті тек бір миллиард теңгені құрайды деп жазған болатын.

Өткен жылы клубтың бюджеті 920 миллион теңгені құрады. Сондай-ақ, облыс басшылығы 150 миллион теңге көлемінде қосымша қаржы бөлді. Ал маусымның қорытындысы бойынша "Қызыл-Жар" тоғызыншы орынға ие болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×