«Милан» соңғы 65 жылда болмаған нәтижеге қол жеткізді

07.12.2020, 17:11
«Милан» биыл чемпион атануға ниетті бірден-бір команда.
«Милан» соңғы 65 жылда болмаған нәтижеге қол жеткізді

А сериясының 10-тур матчында "Милан" "Сампдориядан" басым түсті. Кездесу Генуя қаласындағы "Луиджи Феррарис" стадионында өтіп, 2:1 есебімен аяқталды.

OptaPaolo порталы хабарлағандай, "Милан" Италия чемпионатындағы соңғы 65 жылдағы ең жақсы нәтижеге қол жеткізді. Команда А сериясындағы бастапқы 10 турдың сегізінде жеңіске жетті. "Милан" тарихындағы ең жақсы бастама 1954/1955 жылғы маусымда болды. Ол кезде команда 10 бастапқы турда 9 рет жеңіске жеткен болатын.

Сонымен қатар "Милан" Италия чемпионатындағы жеңіліссіз сериясын 22 ойынға дейін ұзартты. Соңғы рет Стефано Пиоли шәкірттері 8 наурызда "Дженоадан" жеңілген еді (1:2).

"Милан" 10 матчта 26 ұпай жинап, Италия чемпионатының турнирлік кестесінде көш бастап тұр. "Сампдория" (11 ұпай) 12 орында келе жатыр. Келесі турда "Милан" "Пармамен" ойнайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×