«Барселона» қысқы трансферлік терезеде екі позицияны нығайтуды көздеп отыр

07.12.2020, 17:57
Басты үміткерлер де таңдап алынды.
«Барселона» қысқы трансферлік терезеде екі позицияны нығайтуды көздеп отыр

"Барселонаның" бас бапкері Рональд Куман қысқы трансферлік кезеңде командасын күшейткісі келеді, деп хабарлайды sport.es.

Куман командада орталық қорғаушы мен әртүрлі позицияларда ойнай алатын шабуылшыны көргісі келеді. Бұл жағдайда Куман қорғаушыны жалға алу нұсқасын қарастырып көреді.

Бапкер "Барселонаның" қаржылық жағдайы нашар екенін біледі, бірақ бұл трансферлер қажет деп санайды. Бұған дейін команда қорғаушысы Жерар Пике мен шабуылшы Усман Дембеле жарақат алған болатын.

Жазғы трансферлік терезеде "Барселона" "Лион" шабуылшысы Мемфис Депай мен "Манчестер Ситидің" қорғаушысы Эрик Гарсияны сатып алмақшы болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×