"Милан" тарихында алғаш рет Еурокубок ойынында 0:2 есебімен ұтылып жатып, жеңіске жетті. 3 желтоқсанда Миландағы "Сан-Сиро" стадионында Еуропа лигасының 5-тур матчы өтті. "Милан" өз алаңында "Селтикті" 4:2 есебімен жеңді. Бұл италиялық клубтың еуропалық жарыстағы 400-ші матчы болды.
Кездесудің алғашқы 15 минутында қонақтар екі гол соқты, оның авторлары Томас Рогич пен Одсонн Эдуард. Бірақ "Селтик" өз артықшылығын сақтай алмады. "Милан" бірінші таймда-ақ есепті теңестірді - Хакан Чалханоглу 24-минутта гол соқты, ал екі минуттан кейін Самуэль Кастильехо есепті теңестірді. Екінші таймда Йенс Хёуге мен Браим Диас та көзге түсті.
"Милан" 10 ұпай жинап, Еуропа Лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды. "Лилль" де (11 ұпай) турнирдің келесі кезеңіне шықты. Француз клубы 5-тур ойынында 2:1 есебімен Прагадан келген "Спарта" командасын жеңді. "Спарта" (6 ұпай) үшінші, "Селтик" (1) төртінші орында келе жатыр.
Біздің серіктес: FONBET