«Қайсарды» келесі маусымда кімнің жаттықтыратыны белгілі болды

04.12.2020, 20:28
Команда жергілікті ойыншылармен жасақталатын болады.
«Қайсарды» келесі маусымда кімнің жаттықтыратыны белгілі болды

Meta-ratings.kz хабарлағандай, қазақстандық маман Ерлан Шойтымов "Қайсардың" жаңа бас бапкері болады.

Жаңа маусымда "Қайсар" клубына облыс тарапынан 1,5 миллиард теңге бөлінеді, сондықтан олар команданы жергілікті ойыншылармен жасақтауға ниетті, ал бас бапкер лауазымы 40 жастағы Шойтымовқа сеніп тапсырылатын болады.

Қызылорданың басшылығы үш жаттықтырушының кандидатурасын қарастырды - тәжірибелі Сұлтан Әбілдаев, жас Шойтымов және алдыңғы тәлімгер Стойхо Младеновке көмектескен Қанат Шерімбетов. Бірақ алғашқы екеуінде ғана Pro лицензиясы бар екен. Әбілдаев бұған дейін біраз мүмкіндікке ие болды, сондықтан шешім Шойтымовтың пайдасына қабылданды.

Өткен маусымда "Қайсар" 24 ұпай жинап, кестеде жетінші орынға тұрақтады. "Қайрат" 45 ұпаймен ел чемпионы атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×