"Милан" толықтай қытайлықтарға сатылды

14.04.2017, 03:00
"Милан" толықтай қытайлықтарға сатылды
«Милан» қытай азаматы Ли Йонхонг басқаратын Sport Investment Lux атты қытай-американдық консорциумға сатылды. Клубты 1986 жылдың ақпан айынан бері 31 жыл бойы басқарып келген Сильвио Берлускони клубытың 99,93% акциясын 740 миллион евроға сатты. Бұл ақшаның 220 миллионы клубтың қарызын жабуға жұмсалады. Берлускони басқарған тұста "Милан" Европа мен Италияда барлығы 29 трофей ұтқан. Соңғы рет "Милан" ел біріншілігінде 2011 жылы жеңіске жеткен. Соңғы үш жылда 8, 10 және 7-ші орындарды місе тұтқан. «Берлускони мен оның компаниясына (Fininvest) сенімдері үшін алғыс білдіремін, ал "Миланның" барша әлемдегі жанкүйерлеріне төзімділіктері үшін алғыс айтамын. «Милан» – тарихы терең, әлемге танымал клуб. Біз жаңғыру жолында үлкен қадам жасадық. Бұл аңыз клубты ақырындап әлем футболының шыңына қайта шығаруға уәде береміз», – деді клубытың жаңа басшысы Ли Йонхонг.

Марғұлан ЖАҚЫП

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×